Қашаннан бастап жүргізуші куәлігі мен техпаспортсыз жүруге болады
05.02.2021
ҚР Президенті қол қойған қажетті түзетулер туралы заң ресми түрде жарияланды. Kolesa.kz жаңа заң қашан күшіне енетінін түсіндіреді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 1-VIІ Заңы ресми БАҚ беттерінде 2021 жылғы 2 ақпанда жарияланды.

Бұл Заң ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді. Демек, қазақстандық жүргізушілер 13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігі мен тіркеу куәлігін өзімен бірге алып жүруге міндетті емес. Бірақ жеке куәлігі жанында болу керек (Шетелдіктер аталған құжаттарды алып жүруге міндетті).
Ақпарат көзі: https://kolesa.kz/content/kz/news-kz/qashannan-bastap-zhurgizushi-kualigi-men-tehpaspaortsyz-zhuruge...