Онлайн-тестілеу - Админ / Тесты по ПДД РК 2024 на www.safety-driving.kz

Онлайн-тестілеу - Админ

«Admin» онлайн-тестілеуі - бұл:


Авторизация
Тестілеудің онлайн-сервисін пайдалануды бастау үшін әкімші жүйеге кіру бетінде бұрын берілген логин мен парольдің көмегімен мына мекенжай бойынша авторизациялануы қажет https://www.safety-driving.kz/kz/online2/

Жеке кабинет
Авторизациядан кейін жеке кабинет қолжетімді болады, онда онлайн-сервис әкімшісі деректерді, оның ішінде бос ұяшықтардың (яғни пайдаланушылардың) атауы мен санын көре алады.

Тізімді Excel кестесіне сақтау
Сондай-ақ, үміткерлер тізімін, Сіз компьютерде Excel кестесі түрінде сақтай аласыз. Егжей-тегжей қарау және нұсқаулық алу үшін жеке кабинетте оның жұмысы сипатталған бейне ролик бар https://www.safety-driving.kz/kz/instruction-online2/

Нәтижені басып шығару
Сіз барлық нәтижелерді басып шығара аласыз, содан кейін осы нәтиженің жағдайы «Басып шығарылды» мәртебесіне ауыстырылады.



onl_adm.jpg


onl_adm_2.jpg
Фильтрлеу және топтау
Үміткерлер тізімін фильтрлеу ыңғайлы болу үшін барлық пайдаланушыларды белгілі бір топтарға топтастыруға болады. Сондай-ақ, үміткерлердің тізімін «процесте», «тапсырды», «тапсырған жоқ», «жойылды» және «басып шығарылды», «басып шығарылған жоқ» мәртебесі бойынша фильтрлеуге болады.

Пайдаланушыны қосу
Жаңа пайдаланушыны (үміткерді) қосу үшін беттің жоғарғы жағында => «Қосу» батырмасын басып, ашылған терезеде пайдаланушының деректерін енгізіңіз. «Логин» и «Пароль» жолдарын толтырудың қажеті жоқ, жүйе деректерді сақтағаннан кейін бұл деректерді автоматты түрде жасайды. Барлық басқа өрістерді дұрыс толтыру керек, интерфейс тілін және тіркелетін үміткер тестіленетін қолжетімді санаттарды таңдау керек. Әдепкі бойынша, барлық пайдаланушылар бірден іске қосылады, олар емтихан тапсыруға кірісе алады. Ол үшін оған онлайн-сервис әкімшісінің кабинетіндегі үміткерлер тізімінде көрсетілген логин мен парольді беру керек. Емтихан аяқталғаннан кейін сервис әкімшісі емтихан нәтижелерін, сондай-ақ әр сұрақ бойынша егжей-тегжей ақпаратты көре алады.

«Admin» онлайн-тестілеуі - уақытпен қатар келе жатқан автомектептер үшін жақсы құрал, ол қолданушыға ЖЖҚ білімін нақты уақытта тексеруге, ал оқытушыларға - жүргізушіге үміткердің үлгерімін бақылауға мүмкіндік береді!


Сатып алу және ынтымақтастық мәселелері бойынша is@sfd.kz хабарлама жіберіңіз немесе +77771109417 нөміріне хабарласыңыз

Бағдарлама https://www.safety-driving.kz/kz/online2/ сілтемесі бойынша орналасқан, онлайн қолжетімділіктегі ыңғайлы платформаны білдіреді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының ЖЖҚ-ның әрқашан өзекті және жаңартылған базасына ие:
  • Оқыту
  •  Білімді тексеру
  •  Біліктілікті арттыру
  •  Статистиканы жүргізу және сақтау
  •  Нәтижелерді бақылау және басып шығару
  •  Оқытушыларға арналған мамандандырылған бағдарлама
  •  Қызметкерлердің деңгейін көтеру үшін кәсіби және ыңғайлы құралдар жиынтығы


* «Admin Онлайн-тестілеу» бағдарламасы - «Safety Driving» ЖШС-ның эксклюзивті және авторлық өнімі.


Аппараттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Жүйенің жұмыс істеуі үшін кем дегенде мынадай сипаттамалары бар компьютер ұсынылады:
- Windows 7, 8, 10 операциялық жүйесі (32 немесе 64 бит);
- Жедел жады кемінде 2ГБ;
- Дыбыстық карта: DirectX 100% үйлесімді 9;

Сондай-ақ, онлайн-сервис смартфон және планшет сияқты мобильді құрылғылардан қолжетімді болады
* Онлайн-сервистің жұмыс қабілеттілігіне кепілдік беру үшін интернет-браузерлердің бірін пайдалануды ұсынамыз:

chrome16.png Google Chrome
1200px-Firefox_Logo,_2017.svg.png Mozila Firefox


Для своих курсантов вы можете предоставлять доступ как к основным категориям для предварительного или конечногно среза знаний, так и доступ по отдельным модулям.

Мы разбили всю базу вопросов по основным категориям (модулям), чтобы вы и пользователи прогрммы могли проверить свои знания по каким-то отдельным темам, которые им сложнее остальных понять.
В основной категории программа смешивает вопросы из каждого модуля по алгоритму, прописанному КАП МВД РК. Это поможет вашим курсантам привыкнуть и подготовиться к сдаче теоретического экзамена в спецЦОНе, что удвоит их шанс на его сдачу с первого раза.
Возможность прохождения экзамена отдельно по каждому модулю, дает возможность закрепить знания в области ПДД по той теме, в которй курсант еще не совсем уверен, что знает ее на все 100%.
Это описание модулей даст вам понимание, по каким отдельным темам можно проверить курсанта по успеваемости закрепления той или иной темы:

1-ші модуль
- Жалпы ережелер, жүргізушілердің жалпы міндеттері, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың міндеттері, жол белгілері, жол таңбалары.

2-ші модуль
- Бағдаршам мен реттеушінің сигналдары, арнайы сигналдарды қолдану, авариялық сигнал беруді және авариялық тоқтау белгісін қолдану, маневр жасау, көлік құралдарының жолдың жүру бөлігінде орналасуы, қозғалыс жылдамдығы, басып озу және қарсы жүріп өту, тоқтау және тұру..

3-ші модуль
- Жол қиылыстарынан өту, жаяу жүргіншілер өтпелері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары, темір жолдар арқылы жүру, тұрғын аймақтардағы қозғалыс, маршруттық көлік құралдарының басымдығы.

4-ші модуль
- Сыртқы жарық беру аспаптары мен дыбыс сигналдарын пайдалану, механикалық көлік құралдарын тіркеп сүйреу, оқу-жаттығу жүргізу, жолаушыларды тасымалдау, жүктерді тасымалдау, велосипедтердің, мопедтердің, арбалардың қозғалысына, сондай-ақ жануарларды айдауға қойылатын қосымша талаптар, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз ету, көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын, жол қозғалысы қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қатер төндіретін ақаулар мен жағдайлар тізбесі.

5-ші модуль
- Көлік құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі, әкімшілік жауапкершілік, медицина.


onl_adm.jpg
onl_adm_2.jpg
onl_adm_3.jpg
onl_adm_4.jpg
onl_adm_5.jpg