Еске саламыз: 2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестіріледі!
03.03.2025
Мопедті қалай тіркеуге болады?
- Тұрғылықты жеріңіз бойынша арнайы ХҚКО-ға жүгіну.
- Жеке куәлікті ұсыну (электронды түрде де болады).
- Техникалық құжатты немесе мопедтің сипаттамалары туралы мәліметтерді беру.
- Өтініш толтырып, тексеруден өту.
- Мемлекеттік бажды төлеу:
- Тіркеу – 0,25 АЕК
- Куәлік – 1,25 АЕК
- Мемлекеттік нөмір – 1,4 АЕК
Егер құжаттар болмаса не істеу керек?
Егер VIN-код болмаса немесе шығарылған жылы белгісіз болса, ол тексеру барысында анықталады. Бұл жағдайда шығарылған жыл ретінде тексеру жылы есептеледі.
Қандай жүргізуші куәлігі қажет?
- А1 санаты – мопедті басқару үшін міндетті.
- Егер сізде А немесе В санаты бар болса, олар да мопедті басқаруға құқық береді.
Егер мопедті 5 сәуірге дейін тіркемесем не болады?
Бұл күннен кейін тіркелмеген мопедпен жүруге тыйым салынады! Бұзушыларға ӘҚБтК 590-бабы бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Еске саламыз!
2024 жылғы 3 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы өзгерістерді енгізетін заңға қол қойды. Енді мопедпен заңды түрде жүру үшін:
✅ Мопедті полицияда тіркеу
✅ Жүргізуші куәлігін алу (А1, А немесе В санаты)
✅ Техникалық тексеруден өту
✅ Сақтандыруды рәсімдеу