Алматылықтар Яндекс Go мектептерінде самокатты қауіпсіз басқаруды үйрене алады.

19.08.2024
a:2:{s:4:"TEXT";s:2497:"Яндекс Go Алматы әкімдігінің қолдауымен самокатты қауіпсіз басқару бойынша ашық мектептер ұйымдастырады. Оқытудың мақсаты – қалада самокат пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және тәжірибеде меңгерту. Сабақтар 25 және 31 тамызда Қазыбек би көшесінде, ҚБТУ кіреберісі мен Солтүстік сквер арасындағы алаңда, сондай-ақ 24 тамызда IQ BBQ фестивалінде өтеді. Тіркеу қажет емес, кез келген 18 жастан асқан қала тұрғыны оқуға тегін қатыса алады. Яндекс Go-дың самокатты қауіпсіз басқару мектебі алғаш рет 2023 жылы өткізілді, содан бері 9000-нан астам адам оқытылды. Оқыту бағдарламасы Бағдарлама автомектепке ұқсас.