2025 жылғы 10 қарашада ЖҚЕ-ге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Polisia.kz. Барлық жаңартулар 2025 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі. Жол қозғалысына қатысушылар үшін негізгі өзгерістерді қысқаша ұсынамыз.
Елді мекендердегі жүк көліктеріне жылдамдық шектеуі
Елді мекендерде жүк көліктері үшін бірыңғай жылдамдық шектеуі енгізілді — 50 км/сағ.
Бұл талап жол белгілері арқылы басқа жылдамдық рұқсат етілген учаскелерге (мысалы, 80–90 км/сағ) қолданылмайды.
Шектеу жаяу жүргіншілердің жарақат алу қаупін төмендету мақсатында енгізілді: ДДСҰ деректеріне сәйкес, 60–65 км/сағ жылдамдықпен соққы кезіндегі өлім қаупі 50 км/сағ жылдамдыққа қарағанда 4,5 есе жоғары.
Нашар көрінетін жағдайда колоннамен жүру тәртібі
Тұман, боран, қарлы немесе жаңбырлы ауа райы сияқты көріну шектеулі жағдайларда колоннамен жүруге қатысты полиция қызметкерлері мен жүргізушілердің міндеттері нақтылай түсті.
Негізгі талаптар:
-
колонна ішінде маневр жасауға, басып озуға және өздігінен тоқтауға тыйым салынады;
-
егер колоннадағы көліктер саны 10-нан асса, екі патрульдік автокөліктің ілестіруі міндетті.
Автобустарға қатысты жаңа талаптар
М2 және М3 санатындағы автобустарға жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін маршруттық көлік тоқтайтын орындарда тоқтауға рұқсат етіледі.
Сары және қызғылт-сары шамдарды қолдану тәртібі жеңілдетілді
Енді жол жұмыстары кезінде, ірі габаритті немесе қауіпті жүктерді, велотоптарды ілестіруде, сондай-ақ балаларды тасымалдайтын автобустарда магнитті бекітпесі бар қызғылт-сары немесе сары түсті жарқылдақ шамдарды қолдану үшін рұқсат алу талап етілмейді.
Бұрын мұндай шамдарды қолдану үшін рұқсат құжаттарын алу және көліктің техникалық паспортына белгі қою қажет еді.
Электрондық жол қағазы
Путевой лист енді электронды форматта ресми түрде қолдануға рұқсат етіледі.
ЖҚЕ визуалды элементтері жаңартылды
Барлық сызбалар, белгілер мен жол таңбалары цифрлық форматқа жаңартылып, көрнекілігі арттырылды.
Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!
Жаңартылған талаптарды міндетті түрде оқып шығып, ЖҚЕ-ні қатаң сақтаңыздар — бұл әр жүргізушінің жауапкершілігі және жол қауіпсіздігін арттыруға қосқан үлесі.
Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!