2025 жылы Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар: өзекті кесте және өлшемдер
1
Жылдамдық режимі
592-бап
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК/₸) |
Жылдамдықты 10-20 км/сағ. арттыру | 592-баптың 1-бөлігі | 5 |
Жылдамдықты 20-40 км/сағ. арттыру | 592-баптың 2-бөлігі | 10 |
Жылдамдықты 40 км/сағ. артық арттыру | 592-баптың 3-бөліг | 20 |
Жылдамдықты 60 км/сағ. артық арттыру | 592-баптың 3-1-бөлігі | 40 |
2
Көше қиылыстарынан, өтпелерден жүріп өту
594, 598, 599, 600, 607-баптар
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК) |
Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту | 599-баптың 1-бөлігі | 10 |
Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту | 594-баптың 1-бөлігі | ескерту жасауға немесе 3 |
Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жаяу жүргiншiге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушысына жол бермеу | 600-баптың 1-бөлігі | 10 |
қиылыстарынан өтуде басымдық құқығын пайдаланатын КҚ-ға жол бермеу | 594-баптың 2-бөлігі | 15 |
Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу | 598-баптың 1-бөлігі | 20 |
Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу | 598-баптың 2-бөлігі | 40 |
Темiржол өтпелерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршамның немесе өтпе кезекшiсiнің тыйым салатын сигналы берілген кезде темiржол өтпелерiне шығу, сол сияқты темiржол өтпесiнде тоқтау немесе тоқтап тұру | 607-баптың 1-бөлігі | 20 |
3
Маневр жасау
595-бап
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК) |
Жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдында сигнал бермеу | 595-баптың 1-бөлігі | 5 |
Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру | 595-баптың 2-бөлігі | 10 |
Жол жүру құқығын пайдаланатын көлікке жол бере алмады | 595-баптың 3-бөлігі | 15 |
4
Жолдарда орналасу
596-бап
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК) |
Жол жүрiсi қағидаларын бұзып,жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру | 596-баптың 1-бөлігі | 15 |
Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу | 596-баптың 2-бөлігі | 15 |
Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу | 596-баптың 3-бөлігі | 6 ай басқару құқығынан айыру |
5
Тоқтату, тоқтап тұру
597-бап
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК) |
Кодекстiң басқа баптарында жауаптылық белгiленген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдарын, оның iшiнде электр зарядтау станцияларымен жабдықталған орындарда тоқтату немесе тұраққа қою ережелерiн бұзу | 597-баптың 1-бөлігі | 5 |
Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру | 597-баптың 2-бөлігі | 10 |
Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу | 597-баптың 3-бөлігі | 10 |
Мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарының тоқтауы немесе тұрағы үшін бөлінген орындарда көлік құралдарының тоқтауы немесе тұрағы қағидаларын бұзу | 597-баптың 4-бөлігі | 10 |
6
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамау
613-бап
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК) |
Ішкі істер органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы талабын орындамау | 613-баптың 1-бөлігі | 40 АЕК не 3 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік жолмен қамауға алу |
Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы ІІО-ның талабын орындамау | 613-баптың 4-бөлігі | 15 тәулікке қамауға алу және 8 жылға құқығынан айыру |
7
Авариялық жағдай және ЖКО
606, 610 баптар
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК) |
Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы | 606-баптың 1-бөлігі | 10 |
Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы | 610-баптың 1-бөлігі | 20 |
Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет | 610-баптың 2-бөлігі | 40 АЕК немесе 9 айға басқару құқығынан айыру |
Көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған дәл сол әрекеттер | 610-баптың 3-бөліг | 60 |
8
Масаң күйде болу
608-бап
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК) |
Көлік құралын масаң күйде басқару не болмаса көлік құралын масаң күйдегі адамның басқаруына беру | 608-баптың 1-бөлігі | 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға құқығынан айыру |
ЖКО-ға әкеп соққан дәл сол әрекеттер | 608-баптың 3-бөлігі | 20 тәулікке қамауға алу және 7 жылға құқығынан айыру |
Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер | 608-баптың 6-бөлігі | 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу |
9
Жалпы міндеттер
230, 612 баптар
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК) |
Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы | 230-баптың 2-бөлігі | 10 |
Жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, өзімен бірге басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі; Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, көлік құралына тіркеу құжаттары; көлік құралына заңнамада белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы | 612-баптың 1-бөлігі | Ескерту жасауға немесе 5 АЕК |
Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы | 612-баптың 2-бөлігі | 20 |
Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы | 612-баптың 3-бөлігі | 50 МРП либо арест 10 суток |
10
Пайдалану қағидалары
334, 590, 603-баптар
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК) |
Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару | 590-баптың 9-бөлігі | 5 |
Жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы | 334-баптың 1-бөлігі | 10 |
Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару | 590-баптың 1-бөлігі | 5 |
Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару | 590-баптың 2-бөлігі | 10 |
Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату | 590-баптың 3-бөлігі | 15 |
Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару | 590-баптың 4-бөлігі | 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу және 1 жыл мерзімге жүргізу құқығынан айыру |
Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларына сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару | 590-баптың 5-бөлігі | 5 |
Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару | 590-баптың 6-бөлігі | 15 |
Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару | 590-баптың 7-бөлігі | 15 |
Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату | 603-баптың 1-бөлігі | 15 |
Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату | 603-баптың 2-бөлігі | 25 |
Көлiк құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу | 603-баптың 3-бөлігі | 25 |
11
Басқа бұзушылықтар
591, 593, 601, 602-баптар
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК) |
Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау | 593-баптың 1-бөлігі | 5 |
Он алты жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету | 593-баптың 1-1-бөлігі | 5 |
Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау | 593-баптың 2-бөлігі | 5 |
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау | 601-баптың 1-бөлігі | 3 |
Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң тәулiктiң жарық мезгiлiнде сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану қағидаларын бұзуы | 602-баптың 1-бөлігі | Ескертуге әкеп соғады |
Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы | 591-баптың 1-бөлігі | 5 |
12
Жаяу жүргіншілер мен басқа да жол жүрісіне қатысушылардың бұзушылықтары
611, 614, 615 баптар
Бұзушылық түрі | ӘҚБтК бабы | Айыппұл (АЕК) |
Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларымен белгiленген талаптарды орындамауы | 615-баптың 1-бөлігі | 2 |
Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет | 615-баптың 2-бөлігі | 10 |
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет | 615-баптың 3-бөлігі | 10 |
Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет | 615-баптың 4-бөлігі | 20 АЕК немесе 3 тәулікке әкімшілік қамауға алу |
Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы | 611-баптың 2-бөлігі | 50 АЕК немесе 1 жыл басқару құқығынан айыру |
Көлiк құралдарының жүрісіне қасақана кедергi келтіру | 614-баптың | 3 |