1 Қыркүйектен бастап Мамандандырылған ХҚКО-ларда ҚР ЖЖҚ бойынша теориялық емтихан қабылдауға арналған емтихан тестілері өзгертілгенін хабарлаймыз
13.09.2022

Құрметті клиенттер!

1 Қыркүйектен бастап Мамандандырылған ХҚКО-ларда Қазақстан Республикасының ЖЖҚ бойынша теориялық емтихан қабылдауға арналған емтихан тестілері өзгертілгенін хабарлаймыз. Біздің компания өзгерістердің бастамашысы болып табылмайды!

Сұрақты көрсету түрі өзгерді (сұрақтың анимацияланған суреттері - жоғарыдан берілген көрініс). Қазақстан Республикасының ЖЖҚ бойынша сұрақтар түбегейлі өзгерген жоқ!

Барлық жүргізушіге үміткерлерге өтініш – сұрақ қою түрлерін емес, ҚР ЖЖҚ-ны зерделеңіздер! Кәсіби тұрғыдан үйреніп, ЖЖҚ бөлімдерін (белгілерді, таңбаларды, реттеуші белгілерін және т.б.) зерделеңіздер.

Жақсы дайындалған үміткер ҚР ЖЖҚ бойынша емтихан тестілеуінен еш қиындықсыз өтеді!

Жаттап алған адам емес, түсінген және қолдана алатын адам ғана біледі!